$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға 20-дан 100 долларға дейін төленген

AstanaTV
19.04.2022ж. 20:00
1307
Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға 20-дан 100 долларға дейін төленген

Талдықорғанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген. Бұл деректер тергеу барысында анықталған және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдіктілерден  жауап алу кезінде расталған. Бұл туралы  Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде террорлық шабуылдар барлық қалада болған. 4 қаңтарда Алматыда Telegram-канал ашылған, санаулы сағатта оған бірнеше мың оқырман жиналған.  Олар  баррикдалар құру, полицейлерге шабуыл және өзге де қылмыстық әрекеттер туралы нұсқаулықтарды дер кезінде алып отырған.   5-6 қаңтарда аталған телеграмм желісі арқылы бүлікшілердің  қозғалысы және Жамбыл облысы мемлекеттік мекемелеріне жасаған шабуылдары туралы ақпарат жүрген. Күдікті қазір қамауда отыр. Қаңтар оқиғасының жаңа фактілері бейнебақылау камералары жазбаларынан анықталып жатыр деді Елдос Қилымжанов.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Алматы облысында О және Н есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласында қиратулар, азаматтардың мүліктерін жою және мемлекеттік обьектілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған. Әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100-ге дейін АҚШ доллары төленген.Бұл фактілер тергеу барысында анықталды.

Қазір ішкі істер органдарында 1260 қылмыстық іс тергеліп жатыр.  Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген 158 адам күзетпен ұсталуда. Полицейлер аяусыз тоналған   340 миллион теңгеге бағаланатын мүлікті кері өндірген. 1460 қару мен 35 мыңнан астам оқ тәркіленген.  

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың негізінде Алматы қаласы бойынша 65 миллионнан астам теңгеге, Алматы облысы бойынша 16 миллион теңгеге, Жамбыл облысы бойынша 10 миллионнан астам теңгеге келтірілген зардаптың орны толтырылды. Көліктегі полицейлер 10 миллионнан астам теңгеге шығынның өтелуіне қол жеткізді.

Л. Қуанышқызы