Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алдағы екі жылда жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс базасы айтарлықтай өседі

AstanaTV
19.04.2022ж. 20:00
959
Алдағы екі жылда жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс базасы айтарлықтай өседі

Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын одан әрі дамыту мәселесі бүгін Алматыда жан-жақты талқыланды. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры басқару жүйесін жаңа форматқа көшіруді көтерді. Аймақтардағы мәселе, жергілікті жерлерде шешілуі керек,- дейді. Ол үшін белсенділерден жасақталған қоғамдастықтардың жұмысын жандандыруды ұсынды. Олар әкімдікке бағынбайды. Есесіне өңірлердегі күрмеуі қиын мәселелерді тікелей билікке жеткізіп отырады.

Еркін ТҰҚЫМОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Бүгінде Қазақстанда 2345 жергілікті қоғамдастық бар. Бұл дегеніміз ауқымы айтарлықтай кең деген сөз. Алдағы 2 жылда біраз нәтижиеге қолжеткізу жоспарда бар. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс базасы қазіргі 6-дан 13-ке дейін ұлғаяды. «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес жұмыс жасауларын қадағалау жоспарлануда.


Ә. Лесбек