Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Ешбір құжатқа қол қоймаңыздар!», - Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Н. Таубаев

AstanaTV
20.04.2022ж. 20:00
1177
«Ешбір құжатқа қол қоймаңыздар!», - Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Н. Таубаев

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары  Нұрлан Таубаев әріптестеріне «ешбір құжатқа қол қоймаңыздар»,-  деген сәлем жолдады.   Ол 2020 жылы ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Қазір  экс-шенеуніктің ісін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Бүгін Таубаев сотта соңғы сөзін айтты. Ол 1 сағатқа жуық уақыт бойы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеумен болды. Онымен бірге құрылыс басқармасының бұрынғы  басшысы  Тимур Басаровқа да айып тағылған.    Алайда ол  өте қысқа сөйлеп, соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Және барлық әрекетке Нұрлан Таубаевтың тапсырмасымен    барғанын айтты. Ал бұрынғы бірінші орынбасар қарамағындағы Басаровты  ту сыртымнан әрекет етті деп айыптады.   Сотта  сондай-ақ, телефонмен әңгімелесу кезінде белгілі болған «7» саны туралы да айтылды. Басаров  200 орындық  инфекциялық аурухана құрылыс бойынша аударылатын соманың 7  пайызын әкелуді тапсырды десе, Таубаев кәсіпкерден 7 ИВЛ аппаратымен көмектесу туралы айттым,- дегеннен тайған жоқ.    

Нұрлан ТАУБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
 
1жыл 7 айдан бері денсаулығымнан айырылдым. Туған ағам осы әділетсіздіктерден жүрегі шыдамай, өмірден өтіп кетті.  Менің ісім бұрмаланып келді.   2020 жылы 10 қыркүйекте Басаровты ұстардан 1 сағат бұрын  қызметкерлер мені алып кетті.  Не үшін екенін  түсіндірген жоқ.  Мен Басаровқа Тілемісовпен демеушілік туралы сөйлес дедім. Өйткені ол кезде дәрігерлер ИВЛ аппаратын сұрап жатты. Осы кезге дейін ешбір дәлел жоқ.  Құр сөз ғана. Адамды заңсыз жауып тастау, 37 жыл емей немене. Мені толықтай ақтауыңызды сұраймын. Осыған кінәлілерді, істі бұрмалаушыларды жазалауыңызды сұраймын.

Айта кетейік,  мемлекеттік айыптаушы  Нұрлан Таубаевты  11,  Тимур Басаровты 8,5 жылға бас бостандығынан  айыруды сұраған еді.  Қылмыстық іс сотта былтыр наурыздан бері қаралып жатыр.

Б. Надірқызы