Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыдағы хайуанаттар бағында шимпанзе босап кетіп, адамдарға шабуыл жасады

AstanaTV
20.04.2022ж. 20:00
1042
Алматыдағы хайуанаттар бағында шимпанзе босап кетіп, адамдарға шабуыл жасады

Алматыдағы хайуанаттар бағында шимпанзе босап кетіп, адамдарға шабуыл жасады. Салдарынан бір бала жарақат алды. 11 жастағы шимпанзе қысқы қоршаудан жазғысына ауыстыру кезінде темір торды бұзып шыққан.  Алдындағысын жайпап, қоларба сүйреп жүрген әйелді баласымен бірге итеріп жібереді. Зообақ басшылығы  жағдайды бақылауға алып,  маймылды дер кезінде қамадық дейді.  

Шолпан ӘБДІБЕКОВА, АЛМАТЫ қ. ХАЙУАНАТТАР БАҒЫ «ПРИМАТТАР» БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Көзі қаншама адамдар шуылдап сонда шыдай алмаған болу керек, эмоцияда көзі ешнәрсе көрген жоқ оның. Бірден жүгіріп.  Адам тәріздес маймылдардың ішінде шимпанзенің еркектері өте бұзық болады. Олар табиғатында да өздерінен кіші жоғарыда жүрген маймылдарға шабуыл жасап, оларды ұстап, өздері группасымен жейді.  

Ә. Лесбек