Жамбыл облысы Байзақ ауданында былтыр болған жарылыстан соң, ізім-ғайым жоғалып кеткен әскери қазметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздеу қайта жалғасқан. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, БАҚ өкілдеріне айтты. Министр іс-түзсіз кеткен әскеридің туыстарына іздестіру жұмыстарын тоқтататындарын хабарлап, жоғалған адамды "қайтыс болды" немесе "хабарсыз кетті" деп тану туралы ұсыныс жасапты.
Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:
Бұл - үлкен шығын. Атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Біз қызметкердің отбасынан "қайтыс болды" немесе "хабарсыз кетті" деп тану туралы ұсыныс жасадық. Егер солай деп танысақ, мемлекет тарапынан төлемдер болатын еді. Бірақ отбасы бұл ұсыныспен келіспеді. Әрине жақындарын түсінеміз, сондықтан іздеуді жалғастырып жатырмыз. Іздестіру жұмыстарын тек біз ғана емес, ішкі істер органдары да жүргізіп жатыр.
Жоғалған әскери қызметкердің жақындары, Қорғаныс министрінің іздестіру жұмыстарын тоқтатамыз дегеніне ашу шақырған. 8 айдан бері табылмай жатқандарын сынға алды.
Фарида ДӘУІТБАЕВА, Б.ДӘУІТБАЕВТЫҢ ӘПКЕСІ:
Қырғызстанға может өтіп кетті ма? Бір фазенда да жүрген шығар, ол бала. Іздеп жатқан ешкім жоқ. Сол част-тың айналдырып қазып жатыр іздеуі дұрыс болмай жатыр ғой, военныйлардың. Біліп отырмыз жауыптастағылары-ақ келіп отыр. Ал оған біз қарсымыз. Ол мал емес жаба салатын, адам ол. Қандай жағдайда тауып берсін баланы.
Еске сала кетейік, өткен жылы 26-тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болған еді. Осының салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алған болатын. Әскери бөлімдегі бұл жарылыс бойынша Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысы қамауға алынды. Оған «қызметке салғырт қарау» бабы бойынша іс қозғалған. Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Б. Жұмабайұлы