Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордадағы "Жерұйық" саябағында орынды жалға алу құны – 1 млн теңге ме?

AstanaTV
20.04.2022ж. 20:00
1337
Елордадағы "Жерұйық" саябағында орынды жалға алу құны – 1 млн теңге ме?

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жерұйық паркінен дау шықты. Кәсіпкерлердің айтуынша саябақтың жаңа инвесторы жалға алу құнын 1 миллион теңгеге көтеріп жіберген. 10 жылдан бері аталмыш паркте қызмет көрсетіп, нәпақасын тапқан олар енді қайда барарын білмей дал. Арнамызға шығамданғандардың дерегінше, әрқайсысының басында кәсіп ашу үшін алған қарызы бар.

Бақытбол Берімбаев 2009 жылдан бері "Жерұйық" паркінде кәсіп ашып, келушілерге қызмет көрсетіп жүр. Алғашқыда ешкім келмейтін парктің гүлденуіне өзі сияқты сол жердегі дүңгіршектердің иелері үлес қосқан көрінеді. Тіпті, 6 млн теңге жинап, саябаққа электр жүйесін тартқызған да өздері. Алайда бір-ақ күнде жылдар бойы салған инвестициямыздың күлі көкке ұшты деп отыр.

Бақытбол БЕРІМБАЕВ, КӘСІПКЕР:

Акиматқа арызданып бардық біз. Сонда акимат айтады «Жоқ инвестор компанияға бергеміз біз. Біздің шаруамыз жоқ» дейді. Сен не қылсаң со қыл. Бүге бол, шіге бол дегенді айтты акимат. Мейлі, паркті берген екен. Бірақ парк әлі Үкіметтің балансында ғой. Ол бір жекеменшік емес. Аукционға салып сатып жіберген жоқ қой. Сендер бізбен жұмыс істейтін болсаңдар, ең төменгі жалға алу құны 300 мың, 500 мың, 800 мың, 1 млн  деген сиқты өте қолжетімсіз, өте қымбат жалға алу құнын қояды.

Кәсіпкердің айтуынша инвестор бұрынғы жалға алушыларды қуып шығу үшін бағаны әдейі көтерген. Қазір олардың орнына сенімгерлік басқаруға алған компания өз адамдарын кіргізіп отыр, - дейді.  Ал саябақтың қазіргі қожайынының өкілі Мұрат Мақұлбаев, айыптауларды негізсіз деп отыр. Жалға алу құны 1 млн теңге деген дақпырт әңгіме деп қосты. Бірақ нақты шекті бағаны атаудан да бас тартты. Компания әр кәсіпкердің алатын жер аумағына қарай баға да әртүрлі деп қысқа қайырды.

Мұрат МАҚҰЛБАЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол кісілер былай айтқанда бесплатно тұрғысы келіп жатыр. Вообще бесплатно. Олай болмайды ғой. Кеткен ақшамызды хотя бы қайтаруымыз керек қой. Ешкімді қуып, ешкімді қудалап, келісімшартқа сенімен отырамын, сенімен отырмаймын деген жоқ. Бұл енді былай айтқанда бизнес қой. Кімнің бағасы бізге икемді болады,  кім бізге қандай ақша бере алады сомен келісімшарт жасаймыз. Убытокқа жасайтын емес.

Мәселе ушыққаны соншалық жалға алушылар кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Комиссия арыз-шағымды қарады.

Мереке БЕКҚОЖА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біз бұл іс бойынша комиссия отырысын шақырдық. Әкімдік өкілдері, инвестор компания мен арызданушы кәсіпкерлер өз уәждерін айтады. Сенімді басқаруға алған компанияның келісімшартын көріп барып бір шешімге келеміз. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз.

Дауға айналған мәселенің қалай шешілері әзір белгісіз. Кімдікі бұрыс, кімдікі дұрыс?  Ол жағы да әзір беймәлім. Кәсіпкерлер жалға алу құны, өзге саябақтармен тең болса деген өтініштерін орындауды талап етеді.  

А. Съезбек