Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шынайылық қажет: "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы қайта қаралды

AstanaTV
20.04.2022ж. 20:00
1525
Шынайылық қажет: "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы қайта қаралды

Шығыс Қазақстанда "AMANAT" партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламасы қайта қаралды. Партияның жергілікті филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері 2021 жылы атқарылған жұмыстарды талдап,  әкімдер оған аудандар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын енгізді деген қорытынды жасаған. Партиялықтардың айтуынша, бұлай болмауы керек. Тұрғын үй, жұмысқа орналасу, білім беру және денсаулық сақтау салаларын бақылау одан әрі жалғасады. Тұрғындардың өмірін жақсартатын немесе  елдімекендердегі  өзекті мәселелердің  шешімі болатын бастамалар  назардан тыс қалмайды.  Бұл ретте  шекара маңындағы аумақтар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту жөніндегі жобаларды мысалға келтіруге болады.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Мұқият қарап, жұмыс тәртібіне сәйкес тиісті өзгерістерді енгізейік. Партиялық бағдарлама шынайы болуы керек. Партияластардан, аудандық партия ұйымдарының басшыларынан күмән тудыратын барлық нәрсені дереу алып тастауды сұраймын.

Инесса ЧЕРНЫШЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚОФ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бір нәрсе өзекті бола түссе, тиісінше бір нәрсе өз өзектілігін жояды. Біз білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт нысандарын дамытумен байланысты әлеуметтік мәселелерге баса назар аударамыз.

Ә. Бердібеков