Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Менде жәбірленушілерге деген өшпенділік болған жоқ",- И.Дужнов

AstanaTV
21.04.2022ж. 20:00
1256
"Менде жәбірленушілерге деген өшпенділік болған жоқ",- И.Дужнов

Алматыда бес адамды атып өлтірді деп айыпталған Игорь Дужновқа қатысты сот отырысы өтті. Оған үкім алдында соңғы сөз айтуға мүмкіндік берді.

Игорь ДУЖНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Менде жәбірленушілерге деген өшпенділік болған жоқ. Отбасымды қорғауға әрдайым дайынмын. Менің ісімнен кейін Президент мұндай жағдайда үйден күштеп шығаруға мораторий жариялады. Ал енді бостандығым үшін күрес жалғасады. Оған кәміл сенемін.

Бір айға созылған атышулы процесске 5 күннен кейін нүкте қойылады. Бұған дейін прокурор оған ең ауыр жаза кесуді сұраған еді. Жалпы Игорь Дужновқа «кісі өлтіру», «билік өкіліне шабуыл жасау», «оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» және «басқа мемлекеттің аумағында қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына қатысу» секілді айыптар тағылған.

Ә. Лесбек