Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түрмеде отырған вайнер Мейіржан Төребаев хат арқылы үндеу жасады

AstanaTV
21.04.2022ж. 20:00
1041
Түрмеде отырған вайнер Мейіржан Төребаев хат арқылы үндеу жасады

«Астекс» пен «Мудараба капитал» қаржы ұйымдарына ақша салып, "сан соғып қалғандар", бүгін Алматыда тағы да БАҚ өкілдерін жинады. Олар қамауда отырған вайнер Мейіржан Төребаев пен оның қасындағы екі адам жазықсыз деп шулады. Олар тергеудің әділ өткеніне күмәнмен қарайды.

Ілияс БАЙДІЛДИНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Іс бойынша үш адам жазықсыздан жазықсыз қамауда отыр. Оның бірі Тимур Ілиясұлы, екіншісі вайнер Мейіржан Төребаев. Иә, біз басында оны жарнама жасағаны үшін кінәладық. Бірақ кейін оның да аузы күйгенінін түсіндік. Енді қазір қылмыстық істің бәрін бір Мейіржанға жаба салмақшы. Тергеуді жалғастыруын сұраймыз. Өз басым Әбдірахмановқа мүлде сенбеймін. Мейіржан тағы басқаларын  қамап  құтылып кетпекші.

Ерлан МАКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мейіржанның өзі де салымшы болған. 10 млн, 29-шы қыркүйекте, 2020-шы жылы салым жасаған 10 млн теңге көлемінде. Әрине, жәбірленуші ретінде танылған. Кінәсі жоқ. Ол бала ақталуы керек.


Жәбірленушілердің сөзінше, вайнерді «қаржылық пирамида құрды» деп айыптау негізсіз. Бұған қатысты Мейіржан Төребаевта хат жазған. Онда «мені мойындату үшін қамауға алуы мүмкін» деген болжамы бар.

Мен, Мейіржан Төребаев, өзімнің қаржылық пирамидаға қатысым жоқ екенін айтқым келеді. Жанымда отырғандардың барлығы менің 10 тәулікке қамалғаныма аң-таң. Бұл - дәлелдің жоқтығынан. Бұрыннан отырғандар мені мұнда әдейі мойындату үшін қамауға алғанын айтады. Бұлай болмайды деп үміттенемін, нәтижесін 10 күннен кейін көреміз.


А. Съезбек