Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"8 жылдан кейін жағдай қазіргіден де қиын болады",- А. Күрішбаев

AstanaTV
21.04.2022ж. 20:00
1353
"8 жылдан кейін жағдай қазіргіден де қиын болады",- А. Күрішбаев

8 жылдан кейін елімізде  су тапшылығы туындайды. Ол кезде жағдай  қазіргіден де қиын болады дейді сенатор Ақылбек Күрішбаев. Оның айтуынша, Қазақстанда судың  қоры туралы нақты дерек жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік су қоймаларын жеке ұйымдар емес, "Қазгидромет" жүргізуі тиіс дейді депутат. Бұл үшін су қорының мониторингін цифрлық форматқа ауыстыру қажет. Қазіргі заман талаптарын ескере отырып, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемасын жаңарту керек.    Ақылбек Күрішбаев  су шаруашылығы үшін мамандар даярлау мәселесінің де құр сөз жүзінде қалып отырғанын айтты. Еліміздің су қорын жоспарлау, бақылау және ұтымды пайдалану мақсатында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізетін дербес су шаруашылығы ведомствосын құруды ұсынды.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 2030 жылға қарай 90-нан 76 текше метрге дейін төмендейді.  Бұл елдегі су тапшылығы 8 жылдан кейін шамамен 15 процентті құрайтынын білдіреді.  Бүгінге дейін экономикамызда су ресурстарының мұндай жетіспеушілігі болған емес. Сондықтан біз әлі де судың тапшылығын сезінбей отырмыз.  

Ә. Дүкембаева