Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Қарды ерітіп, тамаққа пайдаландық», - Аққайың ауылының тұрғыны

AstanaTV
21.04.2022ж. 20:00
1360
«Қарды ерітіп, тамаққа пайдаландық», - Аққайың ауылының тұрғыны

Елорда іргесіндегі Аққайың ауылының тұрғындары су мен жарыққа жарымай отыр.  Елдімекенге инфрақұрылымдық жүйелер әлдеқашан тартылса да, жұрт оның игілігін көріп отырған жоқ.  Мәселені айтып, талай жерге барған. Бірақ, нәтижесіз. "Биліктегілер базынамызға бас қатырмайды" дейді олар.   

Әділжан БЕРДІБЕКОВ, ТІЛШІ:

Елордадан 12 шақырым қашықтықта орын тепкен аққайыңдықтар үшін өркениетті ел ұғымы таңсық. Олардың пікірінше, ауылдағы цивилизация мына аялдамадан аяқталады. Себебі, елді мекеннің қалған бөлігінде жол, ауыз су не жарық мәселесі  шешілмеген. Жергілікті билікке қанша шағымдансақ та, мәселеміз шешімін таппай келеді деп шырылдайды тұрғындар. Ал округ әкімі ауылдың мәселесін мен шешпеймін деп отыр.

Гүлбақыт Досбаева күнделікті тұтынуға қажетті ауыз суды   тасып ішеді. Су толған ыдыстарын арқалап, бірнеше шақырымды жүріп өтуге мәжбүр. Тек Гүлбақыт емес,аылдағы төрт жүзге жуық отбасы суға сусап отыр.

Гүлбақыт ДОСБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Сағат жетіден кейін мынаны жауып тастайды. Бала шағамыз бар үлкен семьямыз. Су жетпейді. Кейде тасуға да жағдайымыз жетпей қалады.

Кәрбоз БЕРШІНБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жол жоқта қар іштік ерітіп. Қарды ерітіп тамаққа пайдаландық. Енді мынау Астананың қасында отырып қалай бұл. Бізге мүмкіндік болады ма өзі. Болмай ма білмейм. Айтсақ уәде береді. Құр сөз.

Жиылған жұрттың жанайқайын тыңдауға ауыл әкімі де келді. Шыдамы таусылған тұрғындар мәселеміз қашан шешіледі деп оған сұрақты төтесінен қойды. Бірақ, бұл проблемадан басын  ала қашты.

Оразбай СӘЛМЕНОВ, ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Депутаттардың несі ғой енді. Республикалық бюджетті солар қарастырады ғой. Оны ұтқан мердігер компаниялар бар. Олар осында болған. Олар көшіп кетті қаржы болмағандықтан кейін.

Әкімнің айтуынша, Аққайың ауылы әуелде Қояндының құрамында болып, 2020 жылы Қызылсуат ауылдық округімен біріктірілген. Елдімекендегі жұмыстар да  осы кезеңде тоқтапты. Бас барлық жоба аяқсыз қалған. Әрі қарай жалғастыруға ақша бөлінбеді дейді.

Оразбай СӘЛМЕНОВ, ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Енді біз сұрасақ әрмен қарай жалғастыруға десек айтатын жауаптары сол жаңағы бюджеттен республикалық бюджеттен қаржыланбай тұр. Сондықтан тоқтап тұр.
 

Целиноград ауданынан облыстық мәслихатқа  депутат боп сайланған Тимур Пшенов  Аққайыңның ахуалын әлі білмейтін көрінеді. Тек  ауыз су мәселесі   өзекті екенін мойындайды.  Бірақ оны шешу әзір мүмкін емес дейді.   

Тимур ПІШЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі күні елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі шешілмейді. Оған облыстық бюджетте қаржы жоқ. Жеткіліксіз. Ақмола облысының табысынан, шығысы көп. Сондықтан үнемі Республикалық бюджетке мойын бұруымызға тура келеді.  

Ауылдағы газ құбыры, электр бағаналары мен ауыз су желілері ескіден қалған ескерткіштей пайдаланусыз тұр.  Іргеде жатқан инфрақұрылымды игілікке жарата алмай амалы құрыған аққайыңдықтар атқамінерлерден үмітін үзген.   Уәждерін уәдемен  қайтаратын  басшылардан қайыр жоқ дейді.

Ә. Бердібеков