Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен жігіт 10 күнге қамалды

AstanaTV
22.04.2022ж. 20:00
1423
Елордада үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен жігіт 10 күнге қамалды

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінде  оқушы қызға тиіскен ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті хабарлады.   Жас жігіт 10 тәулікке қамалған. Ал, жәбірленуші, яғни, қыздың анасы  сот отырысына қатыспағанын айтады.   Сондықтан сот шешімімен келіспеймін дейді.  Прокуратураға шағым түсірмек.  

Надежда, АНАСЫ:

Бұған қатысты  қылмыстық іс қозғалғанын қалаймын. Таңертең болған сот менің қатысуымсыз өтті. Ешкім маған хабарласқан жоқ. Сейфуллин көшесі 29-ға келгенімде соттың шешімі шыққанын айтты. Ертең 10 күннен соң менің қызымның соңынан ермеске кім кепіл? Үйдің де, оқитын оқу орнының да мекен-жайын біледі. Қазір қызым бәрінен қорқады, психологиялық көмек алудамыз.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті - 20 жастағы жігіт.  Ол қызды аялдамада кездестірген көрінеді. Автобусқа ере мініп,  соңынан жүрген.  Үйдің кіреберісіне жеткенде онымен таныспақшы болыпты. Бірақ қыз қарсылық білдіргендіктен, оған ерсі әрекет көрсетіп, қорламақ болған дейді. Сот бұған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық   іс қозғаған.  


Ә. Дүкембаева