$462.36 €493.48 ₽5.99
×

«Жапқалы жатыр!». Алматыдағы республикалық спорт колледжінің ата-аналары бас көтерді

AstanaTV
22.04.2022ж. 20:00
644
«Жапқалы жатыр!». Алматыдағы республикалық спорт колледжінің ата-аналары бас көтерді

Алматыда 50 жылдық тарихы бар білім ордасынан шу шықты. Келешек олимпиада чемпиондарын даярлайтын Республикалық спорт колледжі жабылмақшы.  Мұны естіген ата-аналардан маза қашқан. Олар Министрліктің шешімімен келіспейміз дейді.    

Бұл -спорт колледжі мегаполистегі ең іргелі оқу орыны. Жарты ғасырлық мекеме жабылады деп  ешкім күтпеген.  Ата-аналар жабылатындығы жайында желіден білген.

Айман МЕРГЕНОВА, АТА-АНА:
 
Менің балам бұл колледжге өз мақсатымен, арманымен 6 кластан кейін түсті. Осыдан кейін уже 7 жыл  өтті. Бар өмірін осы колледжге арнап келе жатыр. Қазір осы жағдайды естігеннен кейін баламның сағы сынып, еңсесі түсіп қалды.
 
Жанатбек ЖОЛДАСХАНОВ, АТА-АНА:
 
Балалар енді қайда барады осыдан кейін. Олимпиадалық резерв болады дейді. Ондай олимпиадалық резерв салғанға басқа жерлер құрып қалып па.
 
Ата-аналардың шырылдайтын жөні бар. Студенттер үйреніскен ортасынан ешқайда кеткісі жоқ. Гранттан да айрылғысы келмейді.

Тұнық ҰЗАҚОВА, АТА-АНА:

Бұл шешім балаларымызға ғана емес бізге де бізге де әсер етті. Ұстаздар мен тренерлері де жабырқаулы. Енді не істерімізді білмейміз. Бір ғана талабымыз – колледжге балалар түскен екен, енді осында бітіріп шықсын.
 
Жанар ЫСҚАҚОВА, АЛМАТЫ қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Білім алушыларды біз осы республикаға бағынышты Каркен Ахметов атындағы мектеп интернат коллеждіне және Шаңырақ микроауданындағы мектеп-интернат коллеждге орналастырамыз. Сол бойынша қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа ата-аналардың айтып отырғанындай балаларымыз далада қалады деген әңгіме жоқ.
 
Мәселенің мән жайын оқытушылар да түсінбей дал. 500-ге жуық тәлімгердің ендігі тағдыры не болары белгісіз.  Ал студенттер биыл оқуды  осы жерден бітіреді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Республикалық спорт колледжінде 500 -ден астам шәкірт бар. Оның 75 - і биыл оқу бітіреді. Ал қалғандары Президентке хат жазып, көмек сұраудан басқа амалымыз жоқ дейді.

Ә. Лесбек


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах