Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Павлодарда «AMANAT» партиясы көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік себетін таратты

AstanaTV
25.04.2022ж. 20:00
937
Павлодарда «AMANAT» партиясы көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік себетін таратты

Павлодарда «AMANAT» партиясы көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік себеттерін  таратты. Сондай-ақ,   партия атынан қаржылай қолдау   көрсетілді. «AMANAT»-тықтар алдымен 71 жастағы Нұрбибі Шаукебаеваның үйіне барды. Жетімдер үйінде өскен ол Павлодарға жолдама арқылы трактор зауытына жұмыс істеуге келіп,  осында тұрақтаған.   90-шы жылдары белгісіз себеппен зейнетақы жинағын жоғалтып алыпты, содан  зейнетақысыз қалған.   Жалғызбасты кейуанаға   халық қалаулылары  азық-түлік себетін әкелді.

Нұрбибі ШАУКЕБАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге көмек қолын созған барша жандарға алғысымды білдірем.  Барлық қиындықты еңсерем деп сенем.

Ал қала тұрғыны Наталья Александрова созылмалы ауруға шалдыққан. Бір емес, үш бірдей операция жасатуы керек. Ал оған қарияның   қаражаты жоқ. Мұқтаж жандармен кездесуге келген партиялықтар оған қаржылай көмек көрсететін болды.

Наталья АЛЕКСАНДРОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АУДАРМА:

Маған 3 операция жасалуы керек.  Екі операцияны бір мезетте жасайтындықтан, мені үшіншіге жібермей отыр. Қаржы мәселесі шешілсе, емделуге барамын. Барлығына рахмет!


Ө. Қуанар