Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордада "Дүние жалған" атты рухани кеш өтті

AstanaTV
25.04.2022ж. 20:00
1681
Елордада "Дүние жалған" атты рухани кеш өтті

Елордада жастар театрының ұйымдастыруымен "Дүние жалған" атты рухани кеш өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысты. Мақсатымыз  қасиетті Рамазан айында, көрерменге ой саларлық дүние ұсыну болды дейді,-ұйымдастырушылар.  

Қайрат ЖОЛДЫБАЙ, ДІНТАНУШЫ:

Император ретінде, патша ретінде жүректен сомдағандай көрінді. Адамның рухани болмысы, нәпсісі, ар-ұжданы басқа да пендешілдік қырлары, әр түрлі образбен ашуға тырысқандай болды.

Сондай-ақ,  театр ұжымы жұртшылық назарына  "Қылкөпір" қойылымын ұсынды. Қойылым белгілі ақын Нұрлан Оразалиннің "Қарақазан ғасыр" драмалық дастанының желісі бойынша сахналанған.  Қоюшы режиссер Нұрқанат Жақыпбай  осы туынды арқылы өткен ғасырдың шындығын бүгінгі ұрпаққа жеткізгім келді дейді.

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

Шындық жазылды, шындықты айтуға тырыстық. Бұл шындық бұдан қашудың қажеті жоқ деп есептедім мен. Мына жастар сол шындықты біле өссін деп. Менімше шындық пайда болды.

Спектакльдер арасында ауызашар ұйымдастырылды. Шығармашылық туындыны тамашалап, санаға ой түйген, жандүниені жаңғыртып, рухани байыған жұрт бір дастархан басына жиналып, ұсынылған тағамнан дәм татты.

Әділ АХМЕТОВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы Жастар театрының қызметкерлері бірігіп өз көрермендерімізге деген бір құрметіміз болсын, бір ықыласымыз болсын деп 300 адамға ауызашар беріп жатқан жәйіміз. Енді бұл әрине театрымыздың 15 жылдығы аясында және де біздің қызметкерлердің бір бірлігінің, ынтымағының белгісі деп білеміз.


Тағылымы мол шара көпшіліктің көңілінен шықты. Жиналғандар еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын деді.  Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, жылы лебіздерін жеткізді.  

Б. Сатуов