Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"AMANAT" партиясына жаңа төраға келді

AstanaTV
26.04.2022ж. 20:00
1783
"AMANAT" партиясына жаңа төраға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, "AMANAT" партиясының төрағалығынан кетті. Оның орнына Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов келді. Бұл туралы партияның кезектен тыс  XXIII съезінде мәлім болды. Сондай-ақ, алқалы жиында AMANAT-қа ADAL саяси партиясы қосылды. Саяси кеңесте тағы қандай өзгерістер орын алды?  Толығырақ алдағы сюжетте.

Саяси кеңес онлайн-форматта өтіп, оған әр өңірден делегаттар қатысты. Сьезде ең алдымен AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов сөз алып, күн тәртібімен таныстырды. қатысушыларға AMANAT-қа ADAL саяси партиясының қосылуы туралы қаулыға дауыс беруді ұсынды. Ұсынысты делегаттар бірауыздан қолдады. Бұл - өз кезегінде билік партиясының аясы тағы да кеңейе түсетін болады деді,-Президент.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Adal партиясының жетекшілері мен мүшелеріне осы маңызды шешімдері үшін ризашылығымды білдіремін. Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды.


Саяси кеңесте "AMANAT" партиясының атқарушы затшысы Асхат Оралов, партияның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракцияның қызметін жандандыру мақсатында қазірдің өзінде қоғамдық кеңестер саны 40%-ға оңтайландырылған. Қоғамдық сарапшыларды тарта отырып, құрамдар жаңартылды. Жалпы әйелдердің үлесі 39%-ға, жастардың үлесі 30%-ға дейін өсті.

Сьезде партияның жұмысын оңтайландыру жолдары туралы делегаттардың пікірлер тыңдалып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды.

Тұрсын ЕРКЕБҰЛАН, СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жасыратыны жоқ, аймақта жастарды мазалайтын мәселелер бар. Облысымыздағы жағдайларды  ескеретін болсақ, жастардың көбі мемлекеттік қолдаулардан хабарсыз. Осы тұста жастарға арналған барлық қолдау түрлерін бір орталықта жүйелендіріп, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыратын қалалық Жастар үйін ашуды ұсынамыз.

Кезектен тыс өткізілген съезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, партияның төрағалығынан бас тарту туралы шешімін жариялады. Президент барлық саланы монополиясыздандыру аса маңызды жұмыс екенін айтты. Ол осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн. Яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күшке тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділеттің орнауына жол ашады.

Мемлекет басшысы партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды. Қабілетті, тәжірибелі әрі білікті маман деп атады.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат.

Сондай-ақ Президент Конституциялық реформаның мақсатына тоқталды. Бұл елдің әрі қарайғы саяси жаңаруына мықты іргетас орнату деді. Ең бастысы Жаңа Қазақстанды құруда әділетті болу деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Азаматтарымызға әлеуметтік әділдік жетпейтінімен келісетін шығарсыздар.  Қарапайым азаматтардың қызығушылықтарын елемеу әрдайым орын алады. Айқын әділетсіздіктің көзі – өкінішке қарай мемлекеттік аппараттың өкілдері. Осыдан келіп азаматтардың билік институтына тұрақты сенбеуі басталады. Сондықтан Amanat партиясының алдында күрделі міндет – осы барынша жағымсыз жағдайды түзету міндеті тұр.


Президент партия қатарынан шыққанымен ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейтініне сенім білдірді. "AMANAT" партиясы елдің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық деді. Сонымен қатар партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артары сөзсіз деп түйді.  

Б. Сатуов