$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Рудныйдағы студенттердің жаппай астан ұшыну себебі анықталды

AstanaTV
27.04.2022ж. 20:00
1147
Рудныйдағы студенттердің жаппай астан ұшыну себебі анықталды

Жұқпалы ауру  асхана жұмысшыларынан жұғуы мүмкін. Рудныйдағы студенттердің  жаппай астан ұшынуына қатысты зерттеу нәтижесі шықты. Зертханалық тексеру барысында асхананың 3 қызметкерінен «стафилококк» инфекциясы анықталды. Ауруханаға жатқызылған студенттерден де осы індеттің белгілері байқалған. Сондай-ақ,  балаларға  берілген тамақтың кейбірінен ішек таяқшалары табылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ауруханаға түскен 14  студент   түгел жазылып шыққан. Ал асхана әлі жабық тұр. Студенттерді ыстық тамақпен қамтамасыз еткен  жеке кәсіпкерге қатысты іс тергеліп жатыр.  Оның  Қостанай қаласында  тағы екі колледж асханасын жалға алып, жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Гүлмира МАҒЗҰМОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Тексеру барысында санитарлық ережелерді бұзу фактілері анықталды. Олар:  тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы,  сақтау шаралары мен тамақты пісіру технологиясының бұзылуы. Мамандар індет ошағында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

З. Санай