Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматылық тұрғындар үй іргесіндегі құрылысқа қарсы шықты

AstanaTV
27.04.2022ж. 20:00
1075
Алматылық тұрғындар үй іргесіндегі құрылысқа қарсы шықты

Құрылыс алматылықтардың жүйкесін жұқартқан. Арнамызға шағымданған тұрғындар үйлеріне жапсарлас салынып жатқан нысанды заңсыз деп отыр. Айтуларынша, ғимарат құрылысы осыдан жарты жыл бұрын, ешбір ескертусіз басталған. Соның салдарынан бүгінде жолдары тарылып, ал балалар ойын алаңынан қағылған.  

Бостандық ауданыныдағы жұрт үшін мына он жеті қабатты тұрғын үй көзге шыққан сүйелдей. Не сүрілмейді, не салынып бітпейді. Салдарынан жазда тұншығып, қыста жолдары тарылады. Тұрғындар алақандай аумаққа кешенді салып жатқан құрылысқа түбегейлі қарсы.   
 
Қорғанбек НҰРБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұлар таңның атысынан түңгі сағат 12 ма 1 ге дейін жұмыс істейді тарсылдатып. Мына жерде 1000 нан астам халық тұрады. Бала шаға тұрады. Бұлар соны ойлап отқан жоқ. Бұған кім берген рұқсатты, неге халықтың бала шағаның қамын ойламайды.


Мая Әлімжанова да құрылыс басталғалы үйіміз қозғалатын болды дейді. Кешеннің іргетасын қалағанда негізгі талаптың сақталмағанын айтады. Үйдің ара қашықтығы келісілген метрге де жетпейді дейді.

Мая ӘЛІМЖАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Өрт болған. Машинамен келе алмады ғой. Үлкен-үлкен машина келе адмады. Кіре алмады үлкен машина. Өйткені жол жоқ. Анау жақтан кірді. Мынаның бәрін сындырды. Ол өрт қой, болмайды ғой.
 
Бұқара тар жерден құрылыс бастауға қалай рұқсат берілген дейді. Ал құрылысқа жауапты компания өкілі болса «даурығуға негіз жоқ» деп  отыр.

Расул ЗӘКІРОВ, ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

Біз ешбір көшені жауып жатқан жоқпыз. Тұрғындардың шағымы шындыққа жанаспайды. Барлығы жоспар бойынша. Толық құжаты бар. Барлығы рәсімделген.
 
Тұрғындардың шағымын қалалық құрылыс бақылау басқармасындағылар да негізсіз деді. Қағаз жүзінде де, іс жүзінде де шикілік жоқ екенін айтты.
 
Мадияр ТУҒАНБЕКОВ, АЛМАТЫ қ. ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары келісілген проект бойынша жұмыс істеп жатыр. Захват бұл жерде жоқ застройщиктан. Өйткені өзінің жекеменшік жер учаскісінде салынып жатыр. Және де проектісі гос.экспертизадан өткен. Және проект архитектурадан келесіммен жасалған. -Яғни бәрі заңды? – Бәрі заңды.


Десе де тұрғындар жапсарлас құрылысты тоқтату үшін қала әкімінен араша сұрайды. Амалы таусылғандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне де шағым түсіруге қол жинауға кірісп кетті.  

Ә. Лесбек