$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Амандық болса әкімдер де партиядан шығады", - Е.Қошанов

AstanaTV
27.04.2022ж. 20:00
1576
"Амандық болса әкімдер де партиядан шығады", - Е.Қошанов

Әртістер мен вайнерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәжіліс төрағасы қаржылық пирамидағы қатысы барлардың бәрі жазасыз қалмайды, деді. Айтуынша, алаяқтарға қатысты заң жобасы  дайын. Алматыдағы "Алтын Орда" базарындағы былыққа қатыстылар да жазасын алатынын жеткізді. Толығырақ Асылбек Данияр айтады.   

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

"AMANAT" партиясының  жаңа төрағасы әрі мәжіліс спикері журналистерге ағынан жарылды. 1 сағатқа жуық уақыт бойы аяғынан тік тұрып сұрақтарға жауап берді.

Екі бірдей лауазымды қызметті мойнына алған Ерлан Қошанов  жұмыстан шаршамаймын дейді. Бірін - қоғамдық жұмыс деп қабылдасам, екіншісі - негізгі сайламалы қызметім, деген ол, өзіне артылған міндеттерді жауапкершілікпен атқаратынын айтты.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл екеуінің арасында бір қарама-қайшы заң жағынан ешқандай жоқ деп ойлаймын. Себебі, бұл- екіншіден, әлемдік тәжірибе. Басқа мемлекеттерде де бар осындай депутаттар немесе парламенттің палаталарының төрағалары, сол парламенттің басымдық алған партияның төрағасы болып қатар қызмет атқарып жүреді.


Президент биылғы Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарын басқаруды заң жүзінде тыйым салу керектігін айтқан еді. Аймақ басшылары партиядан қашан шығады?

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Енді амандық болса әкімдер де шығады. Таяу арада ол туралы шешімдерді мен ойлаймын қабылданады деп. Енді дәл қай күні шығатынын білмеймін, тиісті заңдар қазір қаралып жатыр. Заңдар қабылданғаннан кейін шыға ма, заңдар қабылданғанға дейін шыға ма енді оны өмір көрсетеді қазір.


Қошанов көп адамды тақырға отырғызған  қаржы пирамидасына   қатысты да пікір білдірді. Сөзінше, алаяқтың басында тұрған адам да, жарнамалаған әртістер мен вайнерлер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәжіліс депутаттары осыған қатысты  заң жобасын дайындағанын жеткізді. Жуырда қабылданады,- деді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әсіресе сол алаяқтық екенін біліп тұрып, осы қаржы пирамидасының ісімен айналысып жатқан біліп тұрып, бірақ соларға реклама жасайтын болса, соларға көмектесетін болса  олар жауапқа тартылады, қылмыстық жауапқа тартылады.


Алматыдағы, әбден жыр болған "Алтын Орда" базарына қатысты да әділ шешім шығады деді Қошанов.  Кінәлілер  тиісті жазасын алатынын айтты.   

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Сұрақ-жауап барысында Парламенттің болашақтағы жайы да сөз болды. Ерлан Қошанов палатаны тарату мәселесі талқыланып жатпағанын  жеткізді. Мәжіліс спикері өзі төрағалық ететін "AMANAT" партиясының саяси науқандарға дайын екенін де айтты.

А. Данияр