Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Көппартиялық жүйеде Президенттің бейтарап болуы маңызды,-депутат

AstanaTV
27.04.2022ж. 20:00
720
Көппартиялық жүйеде Президенттің бейтарап болуы маңызды,-депутат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партия төрағалығынан бас тартуы, жаңа мәдениет үшін жасалған үлкен қадам болды. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым осындай пікірде. Оның сөзінше, көппартиялық жүйеде Президенттің бейтарап болуы маңызды. Бұл партиялар арасындағы бәсекелестік пен халықтың партияға деген сенімін арттырады деп топшылайды. "AMANAT" партиясының кезектен тыс өткен съезіндегі жаңашылдықтарды кім, қалай қабылдады? Тілшіміздің бейнематералы.

"AMANAT" партиясының кезекті тыс өткен съезінде орын алған өзгерістер бүгінде қоғамның қызу талқысына түскен. Әсіресе "ADAL" партиясының бірігу туралы шешімі көпті таңқалдырғаны да рас. Пікірлер әр түрлі. Алайда саясаттанушылар қос партияның ортақ харекетке көшуі "AMANAT" партиясы үшін ұтымды болды дейді.

Әлібек ТӘЖІБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

«Аманат» – үлкен тарихи рөл атқаратын іргелі партия, оның елдегі саяси үдерістерге де ықпалы зор. Ал «Адал» партиясының өкілдері жас, озық әрі экономикалық дамуға ұмтылысы зор адамдар. Сол себепті «Адал» партиясының келуі «Аманат» партиясына оң әсерін тигізеді деген қорытынды жасауға болады. Екі партияның бірігуі - бұл өте маңызды сәт.

Саясаттанушы Расул Жұмалының да пікірі осыған саяды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында, AMANAT партиясының қатары жігерлі жастармен толығып жатқанын тілге тиек етті.

Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:


Соңғы жылдары ішкі қайта құру мен праймеризден кейін бұл партия жас әрі жігерлі мүшелермен толыға түскені оның өз күшіне сенімді екенін байқатады. Соның бір ғана айғағы - "Адал" партиясының "Аманатқа" қосылып ортақ харекетке көшкені. Меніңше бұл да әлі көп жағдайда ұйқыдағы партиялық құрылыс үрдісіне қан жүгірту керек.


Ал мемлекет басшысының партия төрағалығынан бас тарту, "Жаңа Қазақстанды" құруда дұрыс шешім болды дейді,- депутат Айдос Сарым. Бұл өз кезегінде партияның мүмкіндіктерін шектемейді, қайта жігерлендіре түсетінін айтады. Өйткен Президенттің бейтараптығы партиялар арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, аманаттықтарды шыңдайды деп сенеді.  

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президент бейтарап болғаны дұрыс біріншіден. Екіншіден енді +басқада партиялар бар, басқа да топтар бар. Солардың барлығына қатысты саясат жүргізу керек және негізгі заңымыздың, ата заңымыздың кепілі ғой Президент. Сондықтан жұрттың бәріне бірдей қарау үшін жаңа мәдениет үшін осындай қадамға барып отыр деп есептеймін.

Партия төрағалығына Мәжіліс спикерінің келуі заңды құбылыс дейді,-сарапшылар. Мұндай жүйе батыс елдеріндегі озық тәжірибелердің бірі көрінеді.

Талғат ҚАЛИЕВ, САРАПШЫ:

Ерлан Қошановтың партияны басқарғаны, ол нағыз батыстық логикаға жатады. Өйткені ол жақта партияның көпшілігі партияны төрағасы спикер болып сайланады. Міндетті түрде. Сондықтан бұл дұрыс практика.


Съездегі жаңа бастамалар билік партиясы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады дейді сарапшылар. Өйткені осы тұста партияның нағыз іскерлігі көрініп, шыңдала түсері сөзсіз деп отыр.

Б. Сатуов