$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 4 адам ұсталды

AstanaTV
28.04.2022ж. 20:00
1216
Қостанайда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 4 адам ұсталды

Тобыл өңірінде тағы да қаржы пирамидасы анықталды. Астыртын қызметті ұйымдастырған төрт адам ұсталды. Қитұрқы компания өкілдері көпшілікті күн сайын мол пайда көресің деп сендірген. Мәселен 100 АҚШ долларын қолма-қол салған адамға инвестициядан 2% дейін  табыс беруге уәде еткен. Қазіргі уақытқа дейін қанша салымшының сан соғып қалғаны белгісіз. Қаржы пирамидасының арбауына түскендер саны тергеу барысында анықталмақ.

Көркем БЕКТАСОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті «Antares Limited» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру  фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіріг уақытта күдіктілерге  қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Сот шешімі бойынша күдіктілерді  үй қамаққа алу шарасы таңдалды.


З. Санай