Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясы – Президенттің "Жаңа Қазақстанды" құрудағы негізгі тірегі – Е.Қошанов

AstanaTV
28.04.2022ж. 20:00
1330
«AMANAT» партиясы – Президенттің "Жаңа Қазақстанды" құрудағы негізгі тірегі – Е.Қошанов

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Орталық аппаратта жиын өткізді. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған реформалар, барлық саяси ұйымдардың әділ бәсекесіне жағдай жасағанын атап өтті. Сондай-ақ «AMANAT» Төрағасы партияның ел игілігі үшін қоғам алдында зор жауапкершілік алғанын айтты. Ерлан Қошанов  Партияның Орталық аппараты мен филиалдарына жұмысты күшейтуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Бір нәрсе айқын партия еліміздің басты саяси күші болып қала береді. Біз ел басшылығымен біргеміз ! "Amanat" мемлекет басшысының қоғамдық тірегі сондықтан, жұмысты тиімді ұйымдастыруымыз тиіспіз. Негізгі мақсат халықтың сеніміне ие болу. Мұның бәрі істеу үшін не істеу керек? Формализмнен бас тарту керек. Жасандылықтан бас тарту керек. Нақты іске көшу керек. Батыл бастамалар көтеріп, шынайы шешімдер шығару керек.


Ә. Дүкембаева