Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Саяси жүйені қайта бастау үшін референдум қажет, - Е.Қарин

AstanaTV
29.04.2022ж. 20:00
1642
Саяси жүйені қайта бастау үшін референдум қажет, -  Е.Қарин

Конституциялық реформа алғаш рет жалпыхалықтық сипатқа ие болатын тікелей халықтың дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осыны жазды. Ол Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын республикалық референдумға шығару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Конституциялық реформа алғаш рет жалпыхалықтық сипатқа ие болатын тікелей халықтың дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Алдағы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепе-теңдігін оңтайландыруға, халықтың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік үлгіні жүйелі түрлендіру. Сондықтан бұрынғы үлгіден түпкілікті шығып, саяси жүйені қайта бастау үшін референдум қажет.