$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Алматы іргесіндегі зиратқа қоқыс жинаған кім?

AstanaTV
29.04.2022ж. 20:00
1671
Алматы іргесіндегі зиратқа қоқыс жинаған кім?

Алматы облысы Талғар қаласындағы зират басынан дау шықты. Белгісіз біреулер қабірлердің жанына, сырттан қоқыс тасыған. Мұны жергілікті тұрғынның бірі телефонына түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеді.

Алайда, жергілікті әкімдіктегілер бейнежазбадағы қоқыс тасыған көлік жүргізушісі, зиратқа жауапты шырақшы екенін алға тартты. Әрі оның кінәсі жоқ деді. Ол бейіт маңайындағы бұталар мен жапырақтарды жинап, арнайы шұңқырға әкеп төккен. Шенеуніктер қоқыстардың көзі дер кезінде жойылатынын айтты.

Серік ДҮМШЕБАЕВ, ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол негізі қоқыс емес. Сол жерде шырақшы бар Ернат деген. Сол кісі қазір христиандардың әке-шешесін еске алу күні келе жатқандықтан, бейіттің ішіндегі қоқыстардың бәрін жинап, шығарып тастайды.