Түркістан облысының тұрғыны өз әйелін балаларының көз алдында өлтірген. Сұмдық жағдай Ордабасы ауданындағы Ынталы ауылында болды. Қара жамылған отбасының жақындарының айтуынша, ер адам әйелін қинап, ішімдік ішкізбекші болған көрінеді. Әуелі монша ішіне кіргізіп азаптағаннан кейін, үйге сүйреп апарып онда да қолына түскен заттармен ұрып соғып өлімші етіпті. Марқұмның туыстары, қызымызды кешкі тоғыз жарымнан түнгі екіге дейін тепкілеп, ұрып, сау-тамтығын қалдырмады дейді.
Бақыт САЙМАСАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ БАУЫРЫ:
Үйіне пеш тамына әкелгенде ол жерде пештің домалақ темірлерімен тескен ғой, дәу-дәу тесік баста.-Оны бала-шағасы көріп тұрған ба? – -көріп тұр ғой, «әке қойсаңызшы десе, жоқ, құрыңдар деп оларды басқа бөлмеге тыққан. Беттерінен ұрған, жоғалыңдар деп. Оның арасында енесі жүрген енесін де лақтырған шешесін жағаласпа деп...сөйтіп анау шала жансар жатса бір шелек су әкеп үстіне құйып жіберген қазір тұрады деп.
Қаламқас САРТАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
Шаш қалмаған, тістен тісінің бәрін қағып алған. Ол аз еді деп үстіне секіріп қыздың үстіне секіріп, неге секіргендей секіріп қызымның қабырғаларын сындырған. Жүрегі мен өкпелерін бір-біріне жапсырып жіберген. Сондай айуандықпен өлтіріп отыр.
Болған жағдайды полицияға марқұмның 14 жастағы үлкен қызы хабарлаған. Қазір балалармен психолгтар жұмыс істеп жатқан көрінеді. Ал күдікті қамауға алынған. Тәртіп сақшыларының дерегінше, күдікті маскүнемдер мен нашақорлар тізімінде тұрмайды. Марқұмның туыстары күдіктінің қатаң жазалануын сұрап отыр.
А. Төребекқызы