$513 €541.16 ₽4.69
×

Омбы қаласының тұрғыны "синтетика" дайындап, пошта арқылы жөнелтіп отырған

AstanaTV
03.05.2022ж. 20:00
952
Омбы қаласының тұрғыны "синтетика" дайындап, пошта арқылы жөнелтіп отырған

Арнайы операция кезінде ірі трансұлттық синтетика жеткізу арнасы жойылды. Фигуранттардың Ресей Федерациясындағы негізгі жөнелтушісі және Қазақстанда оны қабылдап алушысы ұсталды. Омбы қаласының тұрғыны "синтетиканы" дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Ол сәлемдемелерге жасанды құжаттар дайындап, түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия  түрінде  жасырын жөнелткен. Полицейлер күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту барысында ірі есірткі зертханаларын анықтаған.  Жалпы сомасы 9,5 млн астам АҚШ доллары болатын 260 келі қолдануға дайын есірткі тәркіленген.  

Ә. Бердібеков