$513 €541.16 ₽4.69
×

Кеденнен қыруар заңбұзушылық анықталды - Бас прокуратура

AstanaTV
03.05.2022ж. 20:00
1204
Кеденнен қыруар заңбұзушылық анықталды - Бас прокуратура

Кедендендегі былықтың беті ашылды. 165 миллиард теңге мемлекетке залал келген. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Президенттің тапсырмасынан кейін, кеденде тексеріс жүрген. Нәтижесінде кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, тауарларды жалған декларациялау сынды бірқатар заңсыздықтар әшкереленген. Тек Қытаймен шекаралас бекеттерде тауарларды жалған декларациялаудың 367 дерегі тіркелген. Кәсіпкерлер салықты төлегісі келмей, соңғы 2 жылда 221 миллиард теңгенің шот-фактураларын қолдан жасапты. Тіпті, кеден мамандарының өзі декларацияланбаған жүк салмағын азайтып көрсеткен,- дейді құзырлылар.

Дархан ДҮЙСЕМБАЙ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тексерудің тек 1 айында жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталды. Мысалы, «Group Of The Companies Tda» 287 миллион теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізген. Аталмыш директоры қамауға алынды. Сондай-ақ, кеден саласындағы қызметкерлер өз қызметтерін лайықты орындамаған.


Сондай-ақ, Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді түзету арқылы 9 импорттаушыға 143 миллион теңгенің тауарын кеденнен тексерусіз алып өтуіне жағдай жасағаны белгілі болды. «Нұрлы жол» кеден бекетінің басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен Бас прокуратураның қызметкерлеріне де 50 мың доллар "ауызбастырық" берген. Тексерушілерге 30 мың доллар пара ұсынған серіктестік өкілі ұсталған. Қазір аталған деректер бойынша соталды тергеу амалдары басталған.

Л. Қуанышқызы