$507.8 €580.82 ₽6.44
×

Қапшағай енді ресми түрде Қонаев деп аталады

AstanaTV
03.05.2022ж. 20:00
1205
Қапшағай енді ресми түрде Қонаев деп аталады

Қапшағай қаласы енді ресми түрде Қонаев деп аталады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. «Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», - делінген Жарлық мәтінінде. Мемлекет басшысы 16-шы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында, бұл бастаманы көтерген еді. Кейін Қапшағай қалалық мәслихаты ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

Л. Қуанышқызы