Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу ұсынысы, бұл - билікті халықтың қолына беруге талпынысының тағы бір айқын көрінісі. «Sarap» клубының отырысына келген сарапшылардың пікірі осыған саяды.
Максим СПОТКАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қаңтар оқиғасынан кейін бұл референдумға халық зор белсенділікпен қатысады деп ойлаймын. Өйткені біз жаңа басқару моделі үшін дауыс береміз. Тіпті осы референдум президенттің істеп жатқан барлық реформаларын халық қаншалықты қолдайтынын немесе қарсы екенін көрсетеді.
Саясаттанушы Самат Нұртаза: мемлекеттік құрылыстың маңызды мәселелерін көпшіліктің дауысымен шешу – еститін мемлекет философиясының нәтижесі,- деді. Айтуынша, қазақстандықтар референдумның не екенін жіті біле де бермейді. Жаңа саяси мәдениет қалыптасатын кез келді деп отыр.
Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:
Халықтың қалап отырғанын осы референдум арқылы жасап жатыр. Яғни, тіпті өзінің билігін шектеп, туысқандарының жұмысқа тұра алмауы, партиядан шығуы деген сияқты соның барлығы да халықтың бұрын 30 жыл бойы сәл наразы немесе ренжулі сезімдері болса, соның барлығын естіп, қоғамды, билікті демократия жолында дамытып жатыр.
А. Съезбек