$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қазақстанда әлі де ауыз суға зәру қалалар да бар

AstanaTV
04.05.2022ж. 20:00
897
Қазақстанда әлі де ауыз суға зәру қалалар да бар

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында әлі күнге дейін ішер суға жарымай отырған ауылдар бар.   Астықты өңірдегі елдімекендердің 25 проценттен астамында су жоқ.  Қалада да жағдай мәз емес. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2025 жылға дейін бәрін "қатырып", тұрғындарды суға қарық қыламыз, дейді. Сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен және көш соңында қалған өңірлерге қаражат бөлінеді. Қайырбек Өскенбаевтың   айтуынша, орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтау құрылысы жоспарланған 54 ауылда іздестіру және барлау жұмыстары жүргізілмеген.  Ол үшін 40 миллиард теңге  қажет дейді. Осыған байланысты, жергілікті әкімдіктер жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуі тиіс дейді.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Түркістан облысы бойынша -30 ауылда, Алматы облысы – 7 ауыл, Батыс Қазақстан облысы – 5 ауыл және Жамбыл облысы бойынша 5 ауылда бұл бағытта жұмыстар атқарылмаған. Халықтың көші-қонына байланысты 50 ауылдық елдімекенде су құбыры желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізу қажет.


Үкімет басшысы жауапты министрлікке 2025-ші жылдың соңына дейін халықты 100%-і таза ауыз сумен қамтуды тапсырды. Әлеуметтік маңызы жоғары мәселеге әкімдер ерекше назар аудару керек, дейді. Жобаларды қаржыландыруға басымдық беру қажет.   

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жыл соңына дейін  халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда 94,7%-ке, ал қалаларда 98,5%-ке жеткізу қажет. Осыған байланысты    өңір әкімдіктеріне    сумен жабдықтаудың кешенді жоспарларын тез арада қайта нақтылауды және апатты жағдайдағы су құбырларын  шұғыл түрде жөндеуді тапсырамын.

А. Данияр