$489.06 €536.21 ₽5.05
×

Президент үш облысты құру туралы Жарлыққа қол қойды

AstanaTV
04.05.2022ж. 20:00
2017
Президент үш облысты құру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш облысты құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшіріледі.  Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысына беріледі. Алматы облысы құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысының құрамына енеді. Ал Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылады.  Жарлық  8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

А. Данияр