$489.06 €536.21 ₽5.05
×

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылады?

AstanaTV
04.05.2022ж. 20:00
725
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылады?

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы  келер аптада іске қосылады. Бұл қазақстандықтарға 4%-пен автокөлік сатып алуға мүмкіндік береді. Шенділер сәуір айының соңына дейін жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мерзімін  айтуға уәде берген еді. Бірақ оны уақтылы орындай алмады. Оның себебін Экология министрі Серікқали Брекешев былай түсіндірді.

Серікқали БРЕКЕШЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Автонесиелендіруді бастау үшін ақша керек. Олар қазір өнеркәсіпті дамыту қорына тапсыру үшін "Жасыл даму" мекемесінде. 6 мамырға дейін біз корпоративтік процедураларды аяқтап, өнеркәсіпті дамыту қорына ақша беруді бастаймыз.

Бірақ бұл өтініштерді қабылдау 6 мамырда басталады деген сөз емес, дейді Қайырбек Өскенбаев. Бұдан кейін ақша екінші деңгейлі банктер арасында бөлінеді. Және бұл процедура аяқталғаннан кейін ғана олар құжаттарды қабылдауға кіріседі.

А. Данияр