$489.06 €536.21 ₽5.05
×

Қызылордада «AMANAT» партиясының мүшесі 100 отбасына азық-түлік таратты

AstanaTV
04.05.2022ж. 20:00
801
Қызылордада «AMANAT» партиясының мүшесі 100 отбасына азық-түлік таратты

Қызылордада «AMANAT» партиясының  мүшесі  100 отбасына азық-түлік себетін таратты. Қайырымдылық сөмкелері әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген жанұялар  мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үлестірілді. Оның қатарында көп балалы аналар да бар.

Малика ҮМБЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балаларға көмектескені үлкен қуаныш. Менде бала-шаға көп. Санамайды дейді ғой. 10-нан асады. Екінші топтағы мүгедек қыз бар. Оның қызы да бар. 5 баласының үшеуі оқиды. Қалған немерелерім де бәрі осы үйде. Менің қолымда отыр. Әрдайым осылай қалдырмайсыздар. Рахмет.

Жеке кәсіпкер  мұндай шараларды тұрақты түрде ұйымдастырамын дейді. Көпке көмек қолын созуды парыз санайтын ол, өзге де партияластарын сауапты іске атсалысуға шақырады.

Таңат БАЙКЕНЖИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгін осындай іс-шараға шықтық. 100 мұқтаж отбасына азық-түлікпен қамтамасыз етіп. Өзімнің партияластарыма айтатыным, осындай іс-шараға шығуға шақырамын.

М. Тоқтасынқызы