$489.06 €536.21 ₽5.05
×

«Интернетке қолжетімсіздіктің себебі – саладағы монополия», - министр Б. Мусин

AstanaTV
04.05.2022ж. 20:00
695
«Интернетке қолжетімсіздіктің себебі – саладағы монополия», - министр Б. Мусин

Елдегі 6 мыңнан астам ауылды интернетпен толық қамтуға салық кодексі кедергі.   Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин осылай дейді. Оның айтуынша, спутниктік интернет технологиясын ұсынатын әлемнің алдыңғы қатарлы компаниялары Қазақстанға келуге дайын. Алайда, бизнестің бұл түріне салынатын салық мөлшерлемесі әлі бекітілмеген.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖƏНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКƏСІБІ МИНИСТРІ:

Біз салық мөлшерлемесін енгізбесек, олар келмейді, келген күннің өзінде салық төлемейді. Сондықтан бизнестің жаңа түрі салық әкеліп, халыққа қызмет көрсетуі үшін жағдай жасаймыз. Егер биыл депутаттар осы өзгерістерді қабылдаса, келесі жылы инфрақұрылым жүргіземіз. Яғни,  келесі жылдың аяғына дейін халыққа спутник интернеті беріледі. Ал  тұрғын саны 200-ден аспайтын шағын ауылдарға ескі тәсілмен интернет тартар болсақ,  100 млрд. теңгеден астам қаржы керек болады. Бұл -тиімсіз нұсқа.     

Ғаламторға толыққанды қолжеткізе алмай отырғанымыздың тағы бір себебі – саладағы монополия. «Қазақтелеком» мен «Транстелеком» компаниялары бұған дейін мемлекеттік тапсырыспен барлық желіні қолына алған. Олар 2018 жылғы  мемлекетаралық  шарт бойынша интернетті мектеп пен әкімдікке дейін ғана жеткізген. Ары қарай ауыл ішіне таратуға құлықсыз. Ал шағын операторлардың жұмыс жүргізуіне мүмкіндік бермейді.  Пайданың тең жартысын талап етіп отыр, - дейді сала министрі.

А. Съезбек