$489.06 €536.21 ₽5.05
×

Бокс әділетсіз өтеді: "Канеломен" болатын жекпе-жекте аяқтан шалу болады

AstanaTV
04.05.2022ж. 20:00
647
Бокс әділетсіз өтеді: "Канеломен" болатын жекпе-жекте аяқтан шалу болады

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөлісесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Әділет!  Дмитрий Биволдың  бапкері "Канеломен" болатын жекпе-жекте аяқтан шалу болатынын ашып айтты. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалына  жолдама алды. Олар жартылай финалдың  екінші ойында «Вильярреалды» жеңді. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Ағылшын клубы бірінші таймнан кейін 2:0 есебімен ұтылып жатқан, бірақ екінші таймда аяқ доп шеберлері барын салып, қарсыластардың қақпасына бірден 3 гол салды.  Қос команданың арасындағы бірінші ойын 2:0 есебімен «Ливерпульдің» пайдасында аяқтаған еді. Жалпы есеп: 5-2.

Ал, екінші финалист  бүгін «Реал» мен «Манчестер Сити» ойынынан кейін анықталады. Ол 4 мамырда өтеді. Еске салайық, финал 28 мамырда Парижде болады.

Бокс әділетсіз өтеді. Дмитрий Биволдың  бапкері "Канеломен" болатын жекпе-жекте аяқтан шалу болатынын ашып айтты. Ол "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында төрешілердің Сауль Альвареске жақтасатынына дайын дейді. Сөзінше, мексикалық былғары қолғап шебері бұған дейінгі бірнеше кездесуінде ұтылып, тек қазылардың шешімімен жеңген. «Канелоны» өзіне жау санайтын Бивол жекпе-жек алдында өткір мәлімдеме жасады. Айта кетейін, екі мықтының арасындағы айқас 7 мамырға жоспарланған.

Дмитрий БИВОЛ, БОКСШЫ:

Оны сыйлаймын, алайда, әзірге ол менің жауым. Ал жалпы әлемдегі ең мықты боксшымен жұдырықтасуға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Менің дағдыларым неге жарайтынын ақыры білетін боламын. Бұл мен үшін расымен үлкен сынақ.

Бразилияда өтіп жатқан XXIV Сурдлимпиада Қазақстан құрамасының спортшылары алғашқы күні 4 медаль жеңіп алды. Дзюдодан Алдыбек Нұрмұхамед күміс, Фериде Караоглы , Дина Иржанова Шаяхмет Қанапиянов қола медаль еншіледі. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 16-орында тұр. Көш басында Украина. Айта кетейік, жазғы ойындарға Қазақстан атынан 65 спортшы аттанды. Олар спорттың 9 түрінен бақ сынайды.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр