$486.44 €534.31 ₽5.06
×

М.Әшімбаев шенеуніктерді тәртіпке шақырды

AstanaTV
05.05.2022ж. 20:00
1227
М.Әшімбаев шенеуніктерді тәртіпке шақырды

Жауынгерлік әзірлікті арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру. Бұл мәселелер бүгін Сенаттың жалпы отырысында қозғалды. Үкімет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарға депутаттардың көңілдері толмайды.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қаралып отырған нақтыланған Республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдерді индексті қосымша шығыстың көлемі 117 млрд теңге деп көрсетілген. Осылайша әлеуметтік сәуір айынан бастап қосымша 4 пайызға индекстеледі және соның ішінде зейнетақы төлемдері де бар. Мәселен зейнетақыны 4 пайызға өсіреміз, сонда 40-50 теңге зейнетақы 2000 теңгеге дейін өседі. Ал 300-400 мың теңге зейнетақы 16 мыңға дейін өседі екен. Сонда теңсіздікті қалай азайтамыз?


Сенат спикері де шенеуніктердің бюджет теңгесіне салғырт қарайтынын сынға алды. Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордың тұрақты трансферттеріне тоқталды.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұлттық қордан бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға мақсатты трансфертпен 1,7 млрд теңге бөлінді. Және осы қаражаттың жартысына жуығы пайдаланылмады. Сондай-ақ ұлттық фильмдерді қолдауға және ілгерілетуге нысаналы трансферт ретінде 3,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың тек 34% - ы пайдаланылды. Бірінші сұрақ - неге қаражат бөлінді? Екінші сұрақ- қаражат бөлінсе, неліктен пайдаланылмады?


Сауал жаудырған Парламенттің жоғары палатасының төрағасы, шенеуніктерді тәртіпке шақырды. Ол сыртқы қарыздармен айналыспауды және Қазақстанның жыл сайын  өсіп жатқан мемлекеттік қарызына назар аударуды талап етті. Дегенмен депутаттар тарапынан нақтыланған бюджетке қатысты наразылықтар туындаса да, олар заң жобасы қабылдады.

Ә. Дүкембаева