$486.44 €534.31 ₽5.06
×

«Конституцияға өзгерістер енгізу жаңа Қазақстанды қалыптастырудың алғашқы қадамы», - сарапшы

AstanaTV
05.05.2022ж. 20:00
1278
«Конституцияға өзгерістер енгізу жаңа Қазақстанды қалыптастырудың алғашқы қадамы», - сарапшы

Бүгін Қызылжарда «Референдум 2022: саяси жүйені либерализациялау» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті. Оған қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді талқылады.  Президент өкілеттігі, оның қызметіне байланысты шектеулер; Сенат пен Мәжілістің  функциялары, мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі және  дауыс беру қорытындылары елдегі қоғамдық-саяси жағдайға қалай әсер ететіндігіне талдау жасалды.  Саясаттанушы Самат Нұртаза референдум өткізу – уақыт талабынан туындаған қажеттілік екенін айтты.

Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:

Президентіміз өзінің өкілеттілігін өзі шектеп жатыр. Туысқандарының жоғары лауазымда отыра алмауы немесе бұрын 30 жылда болған приоритеттер жоқ бізде. Сондықтан осының барлығын қоғам түсініп, меніңше либерализм мен демократияның нағыз көрінісі болғандықтан қоғам қолдайды деп есептеймін.

Сарапшылар конституцияның кейбір  тұстарын өзгерту жаңа Қазақстанды қалыптастырудың алғашқы қадамы деп есептейді. Сондықтан референдумды ұйымшылдықпен өткізіп, ортақ шешім қабылдаған жөн дейді.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, КАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қаңтар оқиғасынан кейін халықтың үні естілмейді, халық пен билік арасындағы аражігі ажырап кетті деген үлкен сындар болды. Осының бәрі ескеріліп, осы нормаларға өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Егер осы конституциялық өзгерістер болған кезде, одан басқа 20 заңнамаға тағы өзгерістер енеді. Нәтижесінде 2023 жылы біз шын мәнінде жаңа Қазақстанның жаңа саяси жүйедегі жүзеге асуын көретін боламыз.


А. Құрманкин