Қазір ел бойынша 381 соғыс ардагері бар. Оларға ай сайын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері, зейнетақыны қоса есептегенде 190 мың теңгеден асады. Жауаптылардың айтуынша, бұдан бөлек олардың тұрғын үйін жөндеуге көмектесу, дәрі-дәрмекпен, отынмен қамтамасыз ету жағы да қарастырылған. Сондай-ақ мереке кездерінде тұрақты материалдық көмек көрсетіледі. Жеңіс күніне орай жыл сайын жергілікті атқарушы органдар тарапынан біржолғы көмекақы төленеді.
Руслан СӘКЕЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне барлық өңірде бір жолғы материалдық көмек ретінде 1 000 000 теңге мөлшерінде көрсетілуде. Бұрынғы концлагерде кәмелетке толмаған тұтқындарға 100 000 теңгеден кем емес, Қоршаудағы Ленинградтың тұрғындарына және қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 60 000 теңгеден кем емес қаражат қарастырылған. Қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жұбайларына және тыл еңбеккерлеріне 30 000 теңгеден кем емес қаражат қарастырылған.
Қазақстанда соғыс ардагерлеріне берілетін жәрдемақы бойынша басқа елдердің алдында тұр. Бір адамға төленетін біржолғы төлемнің мөлшерімен ТМД бойынша көш бастайды.
А. Данияр