$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек күзде өтеді

AstanaTV
05.05.2022ж. 20:00
1178
Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек күзде өтеді

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөлісесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Әділет!  Көпшілік күткен Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін күні мен орны жарияланды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

UEFA Чемпиондар лигасының финалистері анықталды. Испанияның «Реал Мадрид» клубы жартылай финалдың қарымта ойынында Англияның «Манчестер Ситиін» жеңді. Ойын барысында алғашқы голды «Манчестер Сити» футболшысы соқты. Ол кезде кездесудің 73-минуты болатын. Қарсылас команда да қалыс қалмай 90, 91-минуттарда қос голмен жауап берді. Овертаймда Карим Бензема 95-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Испаниялық клуб қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Манчестер Сити» 4:3 есебімен жеңген болатын. Айта кетсем, Чемпиондар лигасы финалында «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» кубокқа таласатын болады. Аталған командалардың бұл бірінші рет шешуші сында бақ сынауы емес. Финал 28 мамырда Францияның «Стад де Франс» стадионында өтеді.

Көпшілік күткен Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін күні мен орны жарияланды. Промоутер қос мықтының арасындағы трилогия биыл қыркүйекке жоспарланғанын растады. Сарапшылар мұны «соңғы жұдырықтасу» деп отыр. Қазір кәсіпқой боксшы кеші өтетін орын ретінде Лас-Вегас қаласы қарастырылуда. Болжамды күн - 17 қыркүйек, бірақ әлі толық шешім шыққан жоқ.

Грекияның Родос аралында шахматтан рапид және блиц түрлерінен биылғы әлем чемпионатының 9-шы кезеңі аяқталды. Ел құрамасының қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль. 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазыбек Нөгербек Аманкелдіұлы Қазақстан қоржынына  екі бірдей  алтын медаль салды. Чемпионды түнде елорда әуежайынан министрлік өкілдері мен жанкүйерлері, жақындары күтіп алды. Айтуынша, ойын тартысты өтті. Қарсыластар да оңай болмады, дейді.

Қазыбек НӨГЕРБЕК, ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

Өзіммен мақтандым, енді бірінші рет әлем чемпионы болдым. Бұрыңғыдай енді Азия чемпионы болғаннан кейін  әлем чемпионы болу менің басты мақсатым болған. Сол мақсатыма жеттім деп ойлаймын.


Қазақстан Сурдлимпиададан алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Ол - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен дзюдошы Еркебұлан Қанафин. Моңғолия мен Франциядан келген қарсыластарын жеңген Қанафин финалда оңтүстік кореялық спортшыдан басым түсті.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр