$518.97 €607.3 ₽6.64
×

"Мемлекет пен халық арасындағы байланыс одан да жақындай түседі",- М.Әшімбаев

AstanaTV
05.05.2022ж. 20:00
1682
"Мемлекет пен халық арасындағы байланыс одан да жақындай түседі",- М.Әшімбаев

Жаңа ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеу жасады. Онда жалпыхалықтық референдумның ел үшін маңыздылығына тоқталып, халықты саяси науқанға біркісідей қатысып, атсалысуға шақырды.  Референдум - мемлекет пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетін үлкен мүмкіндік. Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев бүкілхалықтық референдум өткізуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер "Жаңа Қазақстанды" қалыптастыруды көздейді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бұрынғы қабылданған конституциямен өмір сүре береміз. Еліміздің әрбір тұрғыны келіп, өз таңдауын жасау керек. Және өз пікірін еркін айта алады. Қаншама жылдан бері халық билікке араласып, өзгерткісі келетін. Бұл үлкен мүмкіндік, мемлекет пен халықтың байланысын оданда жақындата түседі. Бүгінде осындай сәт туды және оны оңтайлы пайдалана білу керек.

Ә. Дүкембаева