$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Кәдеге жарату алымы азаяды

AstanaTV
05.05.2022ж. 20:00
2677
Кәдеге жарату алымы азаяды

Елімізде утилдік алымды 50 процентке төмендету туралы бұйрық бекітілді. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы Экологиялық кеңес отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Министр отандық өндірістік көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін жеңілдік сертификаттарын қаржыландыру да қайта басталатынын атап өтті.

Серікқали БРЕКЕШЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған есептеулер негізінде 2022 жылы 29 сәуірде бекітілді. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өтті.


Кеңесте кәдеге жарату алымынан түскен қаржыны тікелей мемлекеттік бюджетке бағыттау мәселесі де көтерілді.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл мәселені біз күн тәртібінен түсірмейміз. Әлде де сол халыққа тиімді, мемлекетке тиімді, бизнеске тиімді схемаларын біз қарастырып, оңтайлы жақтарын қарастыруымыз керек. Шынында да бір адамның жеке бизнесі елдің жиналған ақшасымен дамуға болмайды.


Отырыста Нұр – Сұлтан және Алматы қалаларындағы экологиялық проблемаларды оңтайландыруға бағытталған өңірлік жол карталарын іске асыру жайы да талқыланды. Кеңестің жаңа құрамы  таныстырылды.  Жұмыс жоспарына сәйкес биыл кеңестің 7 отырысы өтеді деп жоспарланған. Онда негізінен өңірлердің экологиялық мәселелері назарға алынбақ.

Ә. Бердібеков