$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Елордада 18 соғыс ардагері қалды

AstanaTV
05.05.2022ж. 20:00
1567
Елордада 18 соғыс ардагері қалды

Нұр-Сұлтан қаласында қазір небәрі18 ардагер бар.  Бүгін қала әкімдігіне қарасты басқармалар оның әрқайсысының шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Жеңісті жақындатқан жауынгерлерге алғыстарын айтып, концерттік бағдарламаларын ұсынды.  

Кеудесін оққа тосып,  жауға қасқайып қарсы тұрған , ерен ерлігі мен бейбіт күндердегі жемісті еңбегі елеусіз қалмаған майдангердің бірі – Жүнісбек Кәрімов. Қазына қарттың қазір жүріп-тұруы қиын болғанымен, айтары көп, тағылымы мол. Жауынгер сонау жыл¬дардың естелігін жадында      жаң¬ғыртқанда ай-күнінен еш жа¬ңылмайды. Жастық шағын оқ пен оттың ортасында өткерген батырдың ендігі бір-ақ арманы – заманның тыныштығы, елдің амандығы.

Жүнісбек КӘРІМОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Жастарға айтатын бір тілегім еліміз мәңгілік ел болсын. Жастарда бірлік болсын. Бірлік бар жерде тірлік бар. Осы балапандарым оқып, елді елдің алдына шығарып, еліміз мирге қадірлі ел болсын.

Ал бүгінгі ұрпақ сұрапыл соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп, Жеңіс жалауын желбіреткен батыр бабаларымызға құрмет көрсетуді парыз санайды.

Ақұлан ТАСТЕМІР, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұл кісілерді біз әрқашан да жадымызда тұтамыз. Бүгін осы оркестрмен құттықтау шарасын қолға алып отырмыз.  Басты мақсатымыз осы жастардың бойында ҰОС ардагерлеріне деген патриоттық рухты, оларға деген құрметті арттыру.
 
Ерасыл ЖАҒАЛБАЕВ, ОҚУШЫ:

Жеңіс күніне орай абыройы асқақ ардагерлерімізді құттықтауға келдік. Ардагерлеріміздің аман-есен жүруі біз үшін үлкен қуаныш.

Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігі кейінгі ұрпақ жадында ерлік дастанындай жаңғыра берері анық. Кескілескен ұрыста жау шебін бұзып, өліммен сан мәрте бетпе-бет келген майдангердің барлығы зор құрметке лайықты!   

Ә. Бердібеков