$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Қызылордалық тұрғын 80 жылдан кейін майдангер әкесінің бейітін тапты

AstanaTV
05.05.2022ж. 20:00
1739
Қызылордалық тұрғын 80 жылдан кейін майдангер әкесінің бейітін тапты

Қызылордалық Айша Күзенбаева 80 жылдан кейін майдангер әкесінің бейітін тапты. «Ес білгелі әкемді бір көрсем екен деген сағынышпен өмір сүрдім» дейді ол. Алайда, тек із-түзсіз жоғалғандар қатарында екенін білген.   Сонда да үмітін үзбеген Айша ақыры әкесінің Украина жерінде жерленгенін анықтапты.   

Майдангер Әділбек Күзенбаев 1941 жылы Қызылордадан соғысқа аттанған. Ол кезде қызы Айшаның жасы бірден енді асқан екен. Әкесінен естелік болар ешқандай зат қалмапты. Бір жапырақ суреті де сақталмаған. Тек анасының айтқан бір ауыз сөзі жадында жатталып қалған.

Айша КҮЗЕНБАЕВА, МАЙДАНГЕРДІҢ ҚЫЗЫ:

Ұлым Бегалы ер балағой бір жерден шығар, Айшагүлімнің қалай болады екен тағдыры деп көзіне жас алып, өзінің әпкесінің қолына мені ұстатып, эшалонға мініп кетті дейді. Менің есімде қалған тек сол жалғыз-ақ сөз. Сонан кейін хабар-ошар жоқ.   

Ұрпақтары әкесін бір көрсек деген арманмен жан-жаққа хат жазып, іздеумен болыпты. Жақында ғана Украинаның Иосивка деген жеріне жерленгендігін білген. 1943 жылы 24 желтоқсанда аяғынан жарақат алып қайтыс болған көрінеді.

Айша КҮЗЕНБАЕВА, МАЙДАНГЕРДІҢ ҚЫЗЫ:

8/4 метр, соның ішінде 142 солдат тірі табылғандар, із-түзсіз жоғалғандар емес, тірі табылғандар 142 екен. соның ішінде менің әкем жатыр. оны мектептің балалары күтеді. Суарады, айналасына гүл еккен. Әсер деген ол сол Украинада менің әкем тұрып жатқан сияқты.

Майденгер Әділбек Күзенбаев 179 атқыштар дивизиясында болған.  Атасының ерлігін немерелері мақтана айтады.

Бауыржан РЫСБАЕВ, МАЙДАНГЕРДІҢ НЕМЕРЕСІ:

Мамамыз мен ес білгелі өмірі әкесін іздеп жүрген тұғын. Әжеміз тірі кезінде де хат жазып, Москваға хат жазып. Біздің атамыз соғысқа қатысқан. Сол үшін бізге мақтаныш. Балаларыма айтамын, мама немерелеріне айтады ата туралы.

Екіншідүниежүзілік соғыста  қаза тапқан жандарға туған жерден топырақ бұйырмаса да, есімдері ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігін үнемі ұлықтап, әрдайым құрмет көрсетеді.   

М. Тоқтасынқызы