$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы жарияланды

AstanaTV
06.05.2022ж. 20:00
2044
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы жарияланды

Бүгін Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы жарияланды.   Ата Заңның үштен бір бөлігі қайта жазылады. 33 бапқа 56 түзету енгізу көзделген. Басты құжатта жер мен оның байлығын халықтың меншігі етіп жариялау жоспарланған. Бұрын ол мемлекет меншігі саналса, енді мемлекет халық атынан реттеуші рөлге ғана ие болады.Сондай-ақ, елімізде енді өлім жазасына тыйым салынады. Кез-келген адам, прокурор, омбудсмен заңның бұрмаланғанын байқаса Конституциялық сотқа жүгіне алады. Сот төрағалары мен судьялар және құқық қорғау саласының қызметкерлері ешқандай саяси ұйымға мүше бола алмайды. Сонымен қатар заң жобасында президенттікке екі мерзімнен артық сайлануға жол бермеу көзделген. Жалпы, Конституцияның негізі – Президенттің рөлін шектеп, Парламенттің құзыретін арттырып, халық үніне құлақ асатын Үкімет құру. Халықтың бостандығы, құқы мен қалауына қатысты да өзгерістер қарастырылған.


Б. Сатуов