$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Мемлекет тарихи кезеңді бастан кешіріп отыр, - сенатор

AstanaTV
06.05.2022ж. 20:00
1830
Мемлекет тарихи кезеңді бастан кешіріп отыр, - сенатор

Референдум халық көптен күткен, әділ Қазақстанды қалыптастыру үшін жасалған батыл, әрі дұрыс шешім. Сенатор Бейбіт Исабаев: халқы - құқығы тең, мүддесі заңмен қорғалатын елде өмір сүру үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс бағытты таңдады деп есептейді. Оның ойынша, бұл салмақты шешім мемлекеттілікті нығайта түсуге негізделіп отыр. Әрі бұл қадам "Жаңа Қазақстанды" құрудағы төте жол деп санайды. Сондықтан әркім әділетті елдің іргетасын қалауға шын жүректен атсалысып, өз үлесін қосуы қажет, - деді.

Бейбіт ИСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Конституциялық өзгерістер еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер бұл халықтың, қоғам мүшелерінің, азаматтарымыздың барлығының қатысуымен, әрқайсының жеке дауыс берумен жүзеге асуы тиіс деген Президентіміздің ұсынысы ойға қонарлық. Себебі, Қазақстан өзінің мемлекеттік дамуында өте үлкен тарихи кезеңді бастан кешіріп отыр. Дәл қазіргі мынау Ата заңымызға енгізілетін Конституциялық өзгерістерді жұмыс істеу, сол өзгерістердің нақты жүзеге асуы прогресске қалай жететіндігіне мүмкндік береді.

Л. Қуанышқызы