$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Референдум қоғамдық қолдау республикалық штаб құрылды

AstanaTV
06.05.2022ж. 20:00
1956
Референдум қоғамдық қолдау республикалық штаб құрылды

Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы құрылды. Бұл жайында ардагерлер қоғамдастығы мен саяси партиялардың белсенді өкілдері өткізген брифингте жария болды. Қатысушылар конституциялық түзетулерге және Президенттің жалпыхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Азаматтық белсенділер ел азаматтарын алдағы референдумда белсенді болуға шақырды.

Назгүл МАҒЖАН, НҰР-СҰЛТАН қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІ АЛЬЯНСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бүгін еліміздің ең ірі деген қалаларында басымыз бірігіп  үлкен республикалық штабтың құрылуын жария етіп отырмыз. Штабтың құрылуына мұрындық болған қоғамдық бірлестік ол республикалық мәслихат депутаттары ассосациясы, оның ішінде бас редакторлар клубы бар, жаңағы әйелдердің іскер қауымдастығы бар, жалпы журналистер, блогерлер елімізде атақты деген сондай ірі қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру мақсатында құрып отырмыз.


Ә. Дүкембаева