$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Референдум қазақстандықтардың игілігіне бағытталған

AstanaTV
06.05.2022ж. 20:00
1791
Референдум қазақстандықтардың игілігіне бағытталған

Сарапшылардың айтуынша,   Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазақстандықтардың игілігіне бағытталған. Соның негізінде азаматтар тікелей мемлекеттік басқару үрдісіне  араласуға мүмкіндік алмақ.  Бұдан бөлек, атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы кері байланыс та жақсара түседі деген пайымда.

Төлеген КҮНӘДІЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысының бесінші реформалар топтамасы деп айтуға болады. Ата заңымызды өзгертпей, басқа да заңнамаларды өзгерту мүмкін емес. Сондықтан да, ең бастысы  осы фундамент іргетасты өзгертіп, соны қарапайым халықтың игілігі үшін жасауға бағытталған істерді қолдауға шақырамын.


Бауыржан СЕРІКБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Осындай Конституцияға өзгерістер енгізіліп жатқан кезде, біз айтамыз ғой демократиялық мемлекет құрғымыз келеді, азаматтық қоғам белсенді болуы керек деп. Осының бәрі талқыланып, халықтың талқысына түсетін болса, осының барлығы да біздің азаматтық қоғам белсенді болатын болса, кез келген азаматтық референдумға қатысуға құқығы бар. Дауыс беруге құқығы бар. Осының барлығын халық қолдануы керек, қатысуы керек деп есептеймін өз басым.

А. Данияр