Жаңа Қазақстанды құру – үкіметтің ғана емес, бәріміздің міндетіміз. Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болыс осындай пікірде. Бүгін бас қалада Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу мәселесін түсіндіруге арналған жиын өтті. Шараға жастар бірлестіктерінің өкілдері мен студенттер қатысты. Сонымен бірге, алдағы айда осындай тағы 200-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған.
Тоқтар БОЛЫС, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ КОНГРЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Жаңа Қазақстанды құру үшін барлығымыз түсінуіміз керекпіз тек Президенттің немесе Үкіметтің ғана жұмысы емес. Бұл барлық қазақстандықтардың жұмысы. Енді Ата заңды өзгертуге біздің мүмкіндігіміз бар. 5-і күні 3/1 бөлігі өзгертілетін болады бұйыртса, халқымыз дауыс берсе. Жалпы, үлкен басқа да өзгерістер басталады деген сенімдеміз.
А. Данияр