Алматыда мектеп оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады. 16 жастағы жеткіншек үйінің ауласындағы ағашқа асылып қалған. Оны бірінші боп ата-анасы көріп, полицияға хабар беріпті. Жасөспірімнің мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге жұмбақ. Қаладағы айтулы мектептердің бірінде оқыған оны мұғалімдері тек жақсы жағынан білетіндерін айтады. Оқушының қазасын естіген олар да есеңгіреп қалған.
Александр ЛУКАШЕВИЧ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мектепте ешқандай конфликт оқиға болған жоқ. Жақсы көңіл-күймен үйіне қайтты. Жақсы оқыды 4 пен 5 ке оқыған. Бүкіл балалармен сыныптастармен жақсы қарым-қатынаста болды.
Қазір қайғылы жағдайдың себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оқушы қыздың мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам да бар дейді полицейлер.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қылмыстық кодекстің 105-бабының нормалары бойынша қылмыстық іс Медеу аудандық полиция басқармасында тергелуде. Біз міндетті түрде тергеу аясында кішкентай баланың кіммен соңғы кезде араласып жүргенін. Тұрмыстағы жағдайын, өз отбасындағы жағдайды мектепті ахуалды тексеріп анықтайтын боламыз.
Ә. Лесбек