Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда жүз бала дельфинарийге тегін барды

AstanaTV
06.05.2022ж. 20:00
1279
Алматыда жүз бала дельфинарийге тегін барды

Алматыдағы дельфинарий мен хайуанаттар бағына, жүз бала тегін баруға мүмкіндік алды. Балдырғандарды «Бақытты отбасы» жобасы аясында «AMANAT» партиясының мүшелері қуантты. Негізінен аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардың балалары қамтылған. Олардың арасында алматылық Айсұлу Ысқақованың да ұлы бар. Ол бүгін дельфинарийге алғаш рет келді. Мұнда кіру құны қалтаға салмақ болған соң, бұрын сонды келіп көрмепті. Шоудан басқа, кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер мен шырындар ұсынылды. Қайырымдылық шарада балалардың асыр салып, қуанышқа бөленгенін көрген аналар да ризашылықтарын жеткізді.

Айсұлу ЫСҚАҚОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі күн біз үшін өте ерекше болды. 2022 жыл балалар жылы атанғаннан кейін бізге «AMANAT» партиясының Мейіржан Өтіншиевтің ұйымдастырған дельфинариумі өте керемет ұнады. Балалар өте қуанышты. Аналар да сондай толқында. Алғысымызды білдіргіміз келеді.